Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2504 материал табылды

Қоғам • 16 Мамыр, 2025

Жастар арасындағы жұмыссыздық әлі де өзекті мәселе

Еліміздегі жастар арасындағы жұмыссыздық – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе 16-34 жас аралығындағы жастардың жұмыссыз қалуы тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік дағдарыстың белгілісі секілді. Жастардың жұмыссыз қалу себептері сан алуан. Тіпті дипломы барларының өзі де еңбек нарығында өз орнын таба алмай сенделіп жүр. Бірі сұраныссыз мамандық иесі болса, енді бірі тәжірибесі жоқ деген желеумен шетте қалып отыр.

Президент • 15 Мамыр, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді

17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған байланысты Ақорда баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Мамыр, 2025

Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Мамыр, 2025

БҚО-да серіктестік басшысы субсидия қаржысын жымқырған

Несиелік серіктестік басшысы өз бақылауындағы шаруа қожалығының атына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеп, бұл қаражатты ірі қара мал сатып алмай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Мамыр, 2025

Ерлан Қарин халықаралық симпозиумға қатысты

Бүгін Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2025

Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Мамыр, 2025

Абылай Мырзахметов түрмеден шартты түрде босап шығуға өтініш берді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 15 Мамыр, 2025

Соңғы қоңырауға байланысты ҰБТ уақыты да өзгерді

Ұлттық тестілеу орталығы 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндерінің өзгергені туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл өзгеріс мектептерде өтетін соңғы қоңырау күнімен байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 14 Мамыр, 2025

«Ер Тарғын» жырын хатқа түсірген жырау кім

Қазақтың «Қобыландысы» мен «Ер Тарғыны» туралы бәріміз білеміз. Бірақ бұл жырлардың ең көркем нұсқасы кімнің аузынан хатқа түскенін көбі біле бермейді. Бір ғасырға жуық уақыт бұрын дала төсінде жырды жанымен тербеткен Марабай Құлжабайұлының есімі бүгінде көп айтылмайды. Ал шын мәнінде, дәл осы жыраудың көмейінен шыққан сөздер арқылы қазақ эпосы алғаш рет қағаз бетіне түскен. Сол жырлар бүгінгі әдебиеттегі ең көркем, ең шынайы нұсқалар болып саналады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 14 Мамыр, 2025

Депутат ел мектептерінде жасанды интеллектіні оқытуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап,  білім беру жүйесіне жасанды интеллектті (ЖИ) жүйелі түрде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

OSZAR »