• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада келесі жылыту маусымына дайындық басталды

20 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылу маусымы Астанада ақаусыз аяқталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелей түсу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қазірдің өзінде жылу көздерін келесі жылыту маусымына дайындауға кірістік. ЖЭО-2 кеңейту жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының құрылысы толық аяқталады. Сонымен қатар, «Телман» газ жылу станциясының құрылысын да жүргізіп жатырмыз. Бұдан өзге, қосымша 7 км жылу трассасын саламыз әрі 1,8 км жылу трассасын қайта жаңғыртамыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, электрмен жабдықтау желілері бойынша – «Арай» қосалқы станциясын пайдалануға беріп, жаңа 1 қосалқы станцияның (Қабанбай) құрылысын бастау жоспарланған. Астанадағы перспективті құрылыс аудандарында 24 тарату/трансформаторлық пунктің құрылысын жалғастырып, сондай-ақ 86 км кабель желісін (10 КВт) қайта жаңғырту көзделіп отыр. 

OSZAR »