Қоғамдық тәртіпті тәлкек етіп, мәдени кеңістікке кесір тигізетін вандализм атаулы дерт бүгінде дүние жүзі елдерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр. Бүлікшіл пиғылдан бастау алатын мұндай әрекеттер, бір қарағанда, тек қабырғаға салынған қисынсыз сурет немесе бүлінген мүлік болып көрінуі мүмкін. Алайда кез келген әлеуметтік әумесерліктің астарында, көбіне, жатсыну, наразылық, мәнсіздік сияқты күрмеуі қиын күрделі себептер жатады. ...
Қазақстанның еңбек нарығын ауқымды жаңғырту күтіп тұр. Қазірдің өзінде заманауи экономиканың талаптарына жауап беретін сегіз жаңа кәсіп енгізу жоспарланды. Олардың ішінде 3D басып шығару инженерлері мен роботты бояу жүйелерінің операторлары бар, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге OzgeEpic атты алғашқы ірі креативті хабына барып, оның қызметімен танысты. Соның аясында хабтың шығармашылық тобы аутизм жөнінде терең ой салатын және сол қиындықты еңсеру жолында қалыптасқан стандарттан тыс шешімдер іздейтін оқиғаны баяндайтын «Құштар» спектаклін сахналады. ...
Құнанбай қажының жігіт шақтағы Абайға алғаусыз сенім артып, «ата салтынан адаспа, балам» дейтіні бар. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты біз немен өлшеп жүрміз? «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек АЙТМАҒАНБЕТПЕН сұхбатымызда осы мәселеге қатысты сауалдарды көлденең тарттық. ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында еліміздің ішкі жалпы өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. ...
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Әкелер күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай кеше Астанада республикалық әкелер форумы өтті. Оныншы мәрте ұйымдастырылған іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті. «Әке. Отбасы. Қоғам» тақырыбында өткен форум бірнеше сессияға негізделді. ...



Сарапшылар
Көп оқылғандар