Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
63 материал табылды

Өшпес даңқ • 28 Ақпан, 2025

Нағыз халық қаһармандары

«Мерген – қорғаныста тіреніш, шабуылда сүйеніш» дейді халық. Ықылым заманнан бері шапқан аттың жалында жүріп, құлаштай садақ тартқан қазақ баласы Екінші дүниежүзілік соғыста да құралайды көзге атқан мергендігін әйгілеп, қор­ғанысқа тіреу, шабуылға сүйеу бола білген. Атқан оғы мүлт кетпей, бір өзі 200-ден аса жау әскерін жер жастандырып, намыстың туын жықпаған сұрмергендердің ерлігі неге ескерусіз қалды? «Кеңес Одағының батыры» атануға әбден лайық қазақтың бөрідей көкжал оғландары кезінде неге ұлықталмады?

Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025

«Ана кегі» немесе жан түршігер көрініс хақында

Қанды қырғынға ешқашанда романтика­лық көзқараспен қарауға болмайды. Бірін­ші дүниежүзілік соғысқа қатысты Мария Ремарктің «Батыс майданда өзгеріс жоқ» деген романындағы жас сарбаз Пауль Боймер мен майдандастарының бастан кешкен жайттарын толғанбай, көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Екінші дүниежүзілік соғыста дәл сондай оқиғаның біріне Әбдікер Әбілдаев атты қазақ жігіті куәгер болған екен.

Өшпес даңқ • 22 Ақпан, 2025

Қазақ қызының рухы

Екінші дүниежүзілік соғыста бораған бомба мен жауған оқтың астында жүріп, жаралы жауын­герлерге жәрдем қолын созған қазақ қыздары аз болмаған. Солардың бірі – «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінің 1943 жылдың ­6 маусымындағы №118 санында Сұлтан Қожаниязұлының «Майдандағы қазақ қызы» атты мақаласы.

Өшпес даңқ • 21 Ақпан, 2025

189 ұшақтың шабуылын тоқтатқан

Екінші дүниежүзілік соғыста есімі мен ерлігі қатар ұмытылған батырлар аз емес. Солардың бірі – зеңбірекші Бектібай Жылқыбаев. Алқара көкте ойнақ салған жау ұшақтарын атып түсірудің шебері саналған кейіпкеріміз туралы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті 1943 жылдың 20 тамызы күнгі №171 санында «Зенетчик Бектібай Жылқыбаев» деген мақала жариялаған.

Басылым • 20 Ақпан, 2025

«Тау мінезі» таныстырылды

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Тұрлыбек Мәмесейіттің «Тау мінезі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек модераторлық етті.

Өшпес даңқ • 14 Ақпан, 2025

Сұрмерген Сүлейменов

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Отан үшін опат болған батырлардың ерлігі еске түседі. Жыр алыбы Жамбылдың жырындай тізбектелген көп қаһарманның ішінен дараланған Ыбырайым мергеннің кескіні көз алдымызда тұрып алатыны бар. Сүлейменов жаудырған әрбір оқ қазақтың қандай батыр халық екенін өзгелерге ұғындырып тұрғандай көрінеді. Ендеше, бүгінгі әңгімеміз 281 фашисті жер жастандырған оғланымыз Ыбырайым Сүлейменов туралы болмақ.

Өшпес даңқ • 13 Ақпан, 2025

Абдолла ақынның ажалмен арпалысы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезін­де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстаған ақындардың бірі – Абдолла Жұмағалиев. Отты жырларымен оқырманның жү­ре­гін жаулаған жас ақынның қалай ажал құшқаны туралы 1943 жылдың 13 қаңтары күні «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті «Герой ақын» атты мақала жариялапты.

Өшпес даңқ • 12 Ақпан, 2025

Днепр бойындағы «Шамалған төбе»

Екінші дүниежүзілік соғыстың әр күні қым-қуыт тағдырлы оқи­ға­ларға толы. Егер де әлгі оқи­ғалар ғайыптан тайып қағазға қатталып, яки газеттерде жариялана қалса, ол сөзсіз тарихқа айналады. Бұл сөзімізге 1944 жылдың 4 қаңтары күні «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінің №3 санында жарияланған Әлішер Тоқмағамбетов есімді автордың «Шамалған төбе» деген мақаласы дәлел бола алады.

Руханият • 08 Ақпан, 2025

«Тасқа жазылған тарих» оқырманға жол тартты

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты, академик Дархан Қыдырәлінің әзербайжан, қырғыз және түрік тілдерінде жарық көрген «Тасқа жазылған тарих», түрік тілінде оқырманға жол тартқан «Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay», орыс тілінде басылған «Тюркский мир: через призму истории» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шара Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Қоғам • 08 Ақпан, 2025

Ерлікті ұлықтау зерделенді

Кеше елордағағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің конференция залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты тақырыппен кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Іс-ша­рада Жеңістің 80 жылдығына дайын­дық және оны мерекелеу мәселелері талқыланды.

OSZAR »