
Спорт • 02 Сәуір, 2025
Жеңіс мерекесіне орай қандай спорттық сайыстар өтеді?
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Адамзатқа орасан нәубет төндірген сұрапыл соғыстың жеңісі жыл сайын тойланады. Биылғы мерейтойға орай қандай спорттық сайыстар өтеді? Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин 200-ден астам дода өтетінін жеткізді.
Ұлттық спорт • 29 Наурыз, 2025
ЮНЕСКО-да ұлықталған ұлттық ойын
Парижде ЮНЕСКО-ның Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы тарту етілді. Игі іс еліміздің ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Күрес • 29 Наурыз, 2025
Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық додасын алдымен грек-рим күресінің шеберлері бастап, 10 салмақ дәрежесінде медальдарды бөлісті. Өкінішке қарай, елімізден барған балуандарға Азия чемпионатының алтыны бұйырмады.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Астананың 7 жастағы тұрғыны әлем чемпионы атанды
Астаналық 7 жасар шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгілер санатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 27 Наурыз, 2025
«Жастар практикасына» сұраныс жоғары
Елімізде Әлеуметтік кодекс шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде көптеген іс-шара іске асырылады. Соның бірі – «Жастар практикасы». Оқу орнын бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша алғашқы жұмысқа орналасуына бағыттау үшін еңбек мобильділігі орталығы бір жылға дейінгі мерзімге жастар практикасын ұйымдастырады.
Футбол • 27 Наурыз, 2025
Футболдан келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу басталды. Алғашқы матч еліміздің ұлттық құрамасы үшін сәтсіз болды. Сырт алаңда Уэльс ұлттық құрамасына 3:1 есебімен есе жіберді.
Спорт • 25 Наурыз, 2025
Ұлттық спорттың болашағы қандай
«Хабар» телеарнасында 15 жылдық үзілістен кейін жаңаша форматтағы «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының алғашқы саны эфирге шықты. Жаңартылған жоба ұлттық спорт тақырыбын арқау етіп, өзекті мәселелерді шешудің оңтайлы жолы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2025
Елордада ерекше жандар сайысқа түсті
Елордада боулингтен турнир өтті. Астана қаласы мүгедек жастар қоғамы ұйымдастырған «Наурыз-2025» іс-шарасына қатысушылар шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Наурыз, 2025
Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Командалық жүйемен ұйымдастырылған тартыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіске жетті. Денис Жолудев, Сағынтай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Темірлан Жиенбаев, Данян Ши бастаған спортшылар финалдық сайыста Алматы құрамасын (Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Дамир Сарсенбай) 3:0 нәтижесімен ұтты. Қола медаль Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының теннисшілеріне бұйырды. Әйелдер арасында Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гузель Торшаева, Екатерина Пюрко, Айя Әлімбаева сынды үздіктерден жасақталған Алматы қаласының құрамасы Қарағанды облысының (Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошқымбаева, Арай Әшкеева, Альбина Жақсылықова, Фарья Фу) қыздарын 3:2 есебімен жеңді. Қола медальды Қостанай облысы мен Шымкент қаласының командасы еншіледі.
Ұлттық спорт • 21 Наурыз, 2025
Былтыр Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтті. Этноспорт аламанында көпшіліктің назары ат спорты, оның ішінде бәйге түрлеріне ауғаны анық. Төрткүл дүние назарын аударған «Ертеден салса кешке озған, ылдидан салса төске озған» арғымақтардың да дүбірі көптің есінде. Әсіресе аламанның алды болған Айқабақ арғымақ.