Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
354 материал табылды

Аймақтар • 11 Маусым, 2025

«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі аяқталды

Абай облысының Ақсуат ауданында үш күнге созылған «Асыл бесік – Ақсуат» республикалық спорт және өнер фестивалі мәресіне жетті. Ауқымды іс-шара Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 09 Маусым, 2025

Қала қоқыс полигоны ма?

Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданы — соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жаңа тұрғын үй кешені. Алайда дәл осы жаңа ықшам ауданның іргесінде орналасқан заңсыз қоқыс полигоны экологиялық ахуалды күрделендіріп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Абай • 08 Маусым, 2025

Осы жұрт Байкөкшені білеме екен?

Түгін тартсаң майы шығатын, тасын түртсең тарихы сөйлейтін шежірелі Шыңғыстаудың бауырында әлі де бүккен сыр көп. Соның бірі – ақын Байкөкше Балғынбайұлының тарихы. Бүгінде ақынның 130 жылдан кейін ескі қорымы табылып, ел-жұрты еске алып жатыр, деп жазады Egemen.kz. Egemen.kz.

Білім • 08 Маусым, 2025

Семей мектебі үздік атанды

Астана төрінде «Алтын Гефест» тау-кен металлургия өнеркәсібінің салалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауда «Үздік әлеуметтік жоба» ретінде Семейде ашылған жаңа IT-мектеп-лицейі жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.

Абай • 06 Маусым, 2025

Абай тойына дайындық қалай?

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, күллі Алаштың көз тіккені – биылғы Абай тойы. Бұл көп тойдың бірі емес екені белгілі. Ұлы ақынның атын ардақтап, рухани мұрасын халқына дәріптеумен қатар хакімнің туған өңіріне тигізетін игі әсері көзделіп отыр. Сонымен, Абай елі той қамына қызу кірісіп кетті.

Шаруашылық • 05 Маусым, 2025

Майлы дақылдың маңызы зор

Абай облысы диқандарының көктемгі егіске қауырт кіріскені қашан. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар алқапқа жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір.

Мирас • 05 Маусым, 2025

Көкпектідегі көне кітапхана

Көкпектідегі көшпелілердің көне кітапханасын естігеніміз болмаса, көрмеген едік. Әуелі естігенде таңғалғанымыз рас. Күмбезді көне кесене 1850 жылдары Көкпекті өңірінде өмір сүрген ауқатты бай Апырымнан қалған мұра деседі.

Туризм • 04 Маусым, 2025

Тарихы терең киелі мекен

Президент халыққа арнаған Жолдауында «Абай облысын құруды ұсынамын» дегенде, семейліктердің төбесі көкке жетті. Өйткені тарихи тамыры терең көне өңір көбеңсіп бара жатқан. Әлеуметтік ахуалы да соншалықты жақсы емес еді. Облыс болып оңалып кетуіне күмәнмен қарағандар да табылды. Дегенмен бүгінде Абай облысы қоғам өмірінің барлық саласында қалыпты дамып келе жатыр.

Жоба • 31 Мамыр, 2025

Мүмкіндіктерге жол ашқан жоба

Абай облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ауыл тұрғындары өз өнімдерін нарыққа бейімдеп, мемлекеттік гранттарға қол жеткізіп отыр.

Білім • 30 Мамыр, 2025

Алаш мұрасына адалдық

Шағангүл Алдамжарқызы. Осынау есім-сойы ерекше жан саналы ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әсіресе білім саласының білікті маманы екені баршаға мәлім.

OSZAR »