Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
79 материал табылды

Тарих • 15 Ақпан, 2024

Комбайншы қыз

Өткен ғасырдың 40-жылдарында арнайы Қазақстанға келген Уиллиям және Зелда Коутестер бірігіп жазған кітабында бұрын жарияланбаған комбайыншы қазақ қызының суретін жария етеді. Суреттің астында «Қызыл комбинат» кеңшарындағы қазақ әйелі Құдияш Әбнимасова» деген ағылшынша түсіндірме берілген.

Зерде • 07 Ақпан, 2024

Жамбылдың бір суреті Америкадан табылды

АҚШ астанасына оқуға келгелі менің ең көп баратын жерім – қаладағы үлкен кітапханалар. Осы сапарға аттанғандағы мақсатым бойынша кітапханалар мен архивтерден қазақ туралы деректер іздеуден жалықпаймын, нәтижесі де жаман емес. Небәрі үш айда халқымыз туралы деректері бар жиырмадан астам көне кітап пен сурет қоржыныма түсті.

Руханият • 07 Қараша, 2023

Үнді қайраткері Қазақстан туралы не жазды?

Кейде айна-тарихтың бетін сүрткен сайын оның ар жағынан өткен дәуірдегі алуан түрлі оқиға, тарихи шындықтар, тіпті заманның ағысына төтеп беріп, өз еңбегімен ел жадында қалған тұлғалар туралы деректер кездеседі. Сол үшін де кешегі күннің оқымыстысының бірі Хенри Гласси: «Тарих – өткен күн ғана емес, ол қазіргі жиһанкезге пайдасы зор белгілі бір көзқарасқа ие карта» деп бекерге айтпаса керек. Қалай десек те, қазақ тарихы қазған сайын қазынасы қопарылып шыға беретін сарқылмас байлыққа ұқсайды. Әрине, тамыры терең, салты мен дәстүрі бекем елдің өткен уақыттың еншісінде өз үлесі болары даусыз. Отарлық саясат қанша жерден бұғалық салса да, тарихты ешкім тұншықтыра алмайтынына көз жетті. «Тарих сұрақ қоя білген адамға ғана жауап береді». Бұл парасатты сөзді осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Хаджо Холборн айтыпты. Оның бұл пайымы өз тарихыңды іздеуден жалықпа дегенді айтып тұрғандай. Әрине, іздейміз де. Өткен дәуірге, қызыл көз қоғам мен солақай саясатқа біздің көбірек есеміз кетті.

Кітапхана • 04 Қазан, 2023

Конгресс кітапханасы

Әлқиса, күллі әлемнің тағдыры шешілетін осы алпауыт ша­һар­ға келгелі айналамызға таңыр­қаумен жүрміз. Тып-тыныш қала, әрі-бері ты­ным­сыз ағылған көліктер, ағы бар, қарасы бар сан түрлі тұр­ғындар бәрі-бәрі біз үшін өз­геше. Әсіресе адамдардың жү­зін­дегі жылылық бірден сезі­леді. Біз мұнда «Болашақ» бағ­дар­ламасы аясында әлемге әйгілі Джордж Вашингтон уни­вер­ситетіне білім алуға келдік. Сонау 1821 жылы іргетасы қа­ланған бұл оқу ордасы бүгінде айдай әлемге аты танылып үлгер­ген алып университет. Бір ап­талық сабақтан кейін от­басы­мызбен қаланы аралауға шық­тық. Әрине, ең алдымен атақты Конгресс кітапханасын бетке алдық.

Таным • 14 Қыркүйек, 2023

Жалғыз адамның күші

Әлдебір сайттан әлем жаңалықтарын оқып отырып, БҰҰ-ның «Жаһандық жылыну бітті, енді жаһандық қайнау басталады» деген пікірін оқыдым. Аңдасақ, бұл – адамзатқа үлкен ескерту. Жыл сайын жаз басталысымен әлемде қаншама орман мен жайылы­м өртке оранып, онсыз да тозып жатқан табиғат одан сайын бүлініп, Жер-Ананың жүрегі жараланады. Осыдан он шақты жыл бұрын әлем ғалымдары адамзат болашақта жаһандық жылынудан зардап шегетінін айтып, дабыл қақты. Жапан далада бозторғайдың шырылын ешкім естімейтіні сияқты, әлгі ғалымдардың да ескертуін естіген құлақ аз болған сыңайлы.

Таным • 22 Маусым, 2023

Свен Хедин көрген Қазақия

Ғылымның бір аты – ізденіс. Өткен ғасырларда біздің даламызға кімдер келіп, кімдер кеткені тура­лы ізденісіміз нәтижелі болып жатыр. Бүгін біз Свен Андрес Хедин (1865-1952) және оның «Азия арқылы» атты саяхат кітабы туралы айтамыз. Ең алдымен, біз Свен Хединнің кім екенін оқырманға таныстыра кетейік. Жер-жаһанға аты таныс швед географы, топограф, зерттеуші ғалым және сая­хатшы Свен Андерс Хедин өмірінде отыздан астам кітап жазған өз заманының зиялысы болатын. Тіпті ол өз шығармаларының иллюстраторы да болды. Небәрі 15 жасында Хедин Солтүстік теңіз жолындағы алғашқы навигациясынан кейін Арктика зерттеушісі Адольф Эрик Норденскиольдтің өз ортасына аман оралған сәтіне куә болады. Әне, сол сәттен бастап жас Свеннің зерттеуші болуға аңсары ауады. Неміс географы және қытайтанушы Фердинанд Фрейхер вон Рихтхофеннің жетекшілігімен кей зерттеулері оның Германияға деген сүйіспеншілігін оятып, Азияның жұмбаққа толы аймақтарын зерттеу үшін Орталық Азияға экспедиция жасауға ниеттенеді. Көп өтпей ол докторлық дәрежесін алып, бірнеше тіл мен соған байланысты диалектілерді үйренеді. Парсы даласына екі рет сапарға шыққаннан кейін оның ойы мен көзқарасы түбегейлі өзгереді. Тіпті ол географиялық зерттеу әдіснамасымен танысуға осы саладағы зерттеулерді жалғастыру туралы ұстазы Фердинанд фон Рихтхофеннің кеңесіне құлақ асқан жоқ.

Сұхбат • 16 Маусым, 2023

Олжас СӘКЕНОВ: «Болашақ» – елдің бренді

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің экономикасы дамып, бір арнаға түспесе де, сол тұста білім мен ғылымға көңіл бөлініп, еліміз жастарының дамыған елдерде білім алып, отанымызды дамытуға өз үлестерін қосуға жігерлендірілді. Әне сол тұста отандық таңдаулы білім жобасы «Болашақ» бағдарламасы жарияланды. Содан бері отыз жыл өтіп, 12 мыңнан астам жас мамандар әлемнің үздік университеттерінде білім алып, ел экономикасы мен қоғамының дамуына тың серпін берді. «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов бізге берген сұхбатында орталықтың кешегісі мен бүгіні, алдағы жоспары және еліміз жастарының білім деңгейі туралы айтып берді. 

Таным • 14 Маусым, 2023

Элле Майларттың Түркістан сапары

Шетелдік саяхатшылардың қазақ даласына жасаған алуан түрлі сапарлары туралы сериялы мақаламызды бүгін швейцариялық авантюрист, сая­хатшы, жазушы, фотограф Элла Майларттың «Түркістан өлкесі» атты кітабы жөнінде жарияланыммен жалғастырамыз.

Руханият • 14 Маусым, 2023

Санадағы сансыз қоңырау

Ағылшындарда «Рим шаһары бір күнде салынған жоқ» деген жақсы сөз бар. Қателеспесек, бұл сөздің арғы-бергі адамзат қоғамында өмір сүріп келе жатқанына талай ғасыр болды. Әр сөздің киесі болатыны сияқты, оның әу бастағы иесі де болары сөзсіз. Аталған алдарқатпа сөзді сол кездегі әлдебір билік басындағы біреу немесе ертеңінен үміт үзбеген бір арманшыл адам айтқан шығар, бәрі де мүмкін. Осы сөзге қазақтың «бұдан жаман күнде де тойға барғанбыз» деген тәубелі пікірі сай келеді. Неге десеңіз, екеуінің де табан тірер тиянағы – көңіл төркіні. Екеуі де адам баласын алдаусыратып, алға сүйрейді, жетелейді.

Тарих • 08 Мамыр, 2023

Хемингуэйдің соңғы сұхбаты

Атағы жер жарған, қаламгерлер «Хэм» деп атаған Эрнест Хемин­гуэймен соңғы рет тілдескен кісінің есімі – Свен Брикертс. Ол жазушымен тілдесіп қалу үшін көп ізденген, тіпті бірнеше рет меселесі қайтқан журналистің бірі. Ол осы бір сұхбат үшін Кенияның Кэи-Уестіне, Парижге, Памплонаға барудан да еш ерінген емес. Сосын олар «Паппи алабұғасы» атты кішкентай балық тағамдарын әзірлейтін мейрамханада кездесуге келіседі.

OSZAR »