Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
82 материал табылды

Пікір • 21 Қаңтар, 2025

Оқитын және оқымайтын қоғам

Спартандықтардың тапқырлығы ретінде жиі айтылатын мына бір сөзді есі­ме алған сайын бізге әр мәселені өзге­ше ойлау мен түйіндеудің ауадай керек еке­нін түсінемін. Аталған аңыздың ұзын-ыр­­ға­сы мынадай. Бірде Македония патша­сы ІІ Филипп грек қаласының тұр­ғын­да­ры­на былай деп хат жазады: «Тез ара­да ма­ған бірден бағыныңдар. Егер әске­­рім сен­дер­дің жерлеріңе басып кірсе, бар­лық егін, бау-бақшаларыңды құртады, ұлда­рың­ды құл, қыздарыңды күң етуге де да­йын­быз», дейді. Спартандықтар оған бір ауыз сөзбен жауап қайтарады: «Егер...».

Білім • 21 Қаңтар, 2025

Алаш оқулықтары

Ұлт ардақтысы Міржақып Дулатұлының тура осыдан жүз жыл бұрын жарық көрген математика оқулығы көркем тілмен ұғынықты жазылған. Оған дәлел – аталған оқулықтағы кейбір мысалдар.

Таным • 17 Қаңтар, 2025

Жоғалған рух. Қазақ қалай аман қалды?

1934 жылы Ныю-Йорк қаласында жарық көрген «Біздің қарапайым замандастарымыз» атты зерттеу еңбегін қолға алғанымда, тосырқап қалғаным рас. Өйткені АҚШ-тың Йелл университетінің антропологі Джордж Мердок бұл кітабында тасмандықтар, Жапонияның солтүстігіндегі айнустар, Мексикадағы ацтектер, Перудегі инкастар, Угандадағы гандалар, Полиярдағы эскимостар сияқты тарих сахнасынан жойылып бара жатқан халықтардың тарихы мен мәдениеті, қоғамдық дәстүрі туралы сөз қозғайды. Ал осылардың қатарына неге екенін қайдам Орталық Азиядан тек қазақты қосады. АҚШ ғалымы бұл зерттеуі арқылы не айтпақ? Нені меңземек деген сансыз ойдың жетегімен оның кітабын оқып шықтым.

Тәрбие • 14 Қаңтар, 2025

Әке жұмыста. Баланы кім тәрбиелейді?

Әлдебір данышпан «Балаңды тәрбиелеме, алдымен өзіңді тәрбиеле» деп айтқан екен. Бұл қазіргі қоғамды да ойландырады. Кейде орынды айтылған бір сөз атқан оқтан да ауыр тиетіні рас. Тәрбиені жалпылама деп қарастырсақ, оның ішіндегі әке тәрбиесі үлкен маңызға ие. Бұрнағы қазақтың «кімнің баласысың?» дегенінде де өзгеше мән жатқандай. Бұдан «Кімнен тәрбие алып жатырсың?» деген сүбелі сөздің мәйегін аңғарамыз.

Мирас • 01 Қаңтар, 2025

Уэслиан университеті және Абай әндері

Иісі қазаққа екі бірдей тұлғаны, яғни аға сұлтан Құнанбай мен оның зерделі ұлы Абайды сыйлаған Зере әжеміздің ойының қаншама ұшқыр, пейілінің қандай кең екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес те шығар. Бірақ оның арманы мен үміті толығымен орындалды десек қателеспеспіз. Ал ұлына ырымдап пайғамбар есімін қойған Құнанбайдың есімі бұл күнде Абай­мен бірге аталып, дүниенің төрт бұ­рышына жетті. Бұл да әке жауапкершілігінің, беделінің бодауынан туған риясыз үміт белгісі болмақ.

Тарих • 06 Желтоқсан, 2024

«Дала халықтары» кітабы не туралы?

Вашингтондағы Католик университетінің кітапханасында сақтаулы тұрған британдық тарихшы, ғалым, жазушы Ральф Фокстің 1925 жылы Бостон және Нью-Йорк қалаларындағы баспадан қатар шыққан «Дала халықтары» атты зерттеу кітабындағы ұлтымызға қатысты деректер қызықты һәм мағыналы. Бір ғасыр бұрын жазылған кітапта «Қазақ болмысы» деген арнайы тарау бар.

Тарих • 22 Қараша, 2024

Элизабет Бэкон көрген Қазақстан

Батыс ғалымдарының халқымыз туралы ғылыми еңбектер жазып, оны Америка сынды ­алпауыт елдің баспаларынан шығаруының маңызы зор екенін бұған дейін де айтқанбыз. Біздің бай тарихымыз, табиғи ресурс­тарымыз және отанымыздың геосаяси маңызы әлемдік зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келе жатқанына шамамен екі ғасырдан асты.

Білім • 21 Қараша, 2024

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің төресі

Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – қоғам мен мектептің ғана емес, әр отбасының да басты міндеті.

Руханият • 20 Қараша, 2024

Бізге Батыс әлемін зерттеу орталығы керек

Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекеттер арасында мәдениетаралық диалог пен тарихи зерттеулердің маңызы арта түсті. Орталық Азия, соның ішінде Қазақ даласы, ғасырлар бойы көптеген Батыс әлемінің саяхатшылары мен ғалымдарының назарын аударғаны рас. Олар Орталық Азияға сапар шегіп, осы өңір туралы құнды деректер қалдырды. Жазған еңбектері біз үшін тарихи маңызды ақпарат көзі болып қана қоймай, кей ақтаңдақтарды ашуға сеп болмақ. Бірақ бұл деректер әлі толық зерттелмей, жүйеленбей отыр. Батыс әлемінің Орталық Азияға қызығушылығы өткен ғасырда, бүгін де, болашақта да маңызды бола бермек.

Таным • 14 Қараша, 2024

Шотланд жиһанкезінің жазбалары

1902 жылы Лондонда жарық көрген Жон Фостер Фразердің «Нағыз Сібір» атты кітабынан қазаққа қатысты біраз деректі кездестірдік. Жон Фостер Фрейзер – шотландық саяхатшы әрі журналист. 1896 жылы ол достарымен бірге велосипедпен күллі әлемге саяхат жасап, сол сапарын негіз етіп кітап жазған. Менің қолыма түскен «Нағыз Сібір» кітабының 4-тарауында 1901 жылдың 28 тамы­зында сәрсенбі күні ол Сібір аймағына жеткенін жазады. Осы кітабының алғысөзінде «Сібірге аса қызығушылықпен бардым. Орыстық көзқарастағы әлемді қарапайым британдық ретінде өз көзіммен көру мақсатым еді. Жайықтың арғы жағындағы ұлан-ғайыр өлкеге бару үлкен тәуекелді қажет етті. Ежелден бері адамдардың санасында Сібір ақ қар, көк мұз бен жер аударылғандардың мекені деген түсінік бар», депті. Байыптап оқысақ, автордың бұл сапарға алдын ала дайындалғаны сезіледі.

OSZAR »