Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
79 материал табылды

Сұхбат • 08 Сәуір, 2025

Серік Мейірманов: Жапон жұртынан үйренеріміз көп

Қадау-қадау ғасырлардан бергі бабалардың үмітін жалғаған көшелі ұрпақтың жаңа заманда ғылым мен білімге ынтызар болуы да заңдылық. Тағылымды жұртпен тереземіз теңесу үшін ең алдымен бізге керегі ғылым. Сол үшін де ұлы Абай «Ғылым таппай мақтанба» десе, оның төл шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы «Ғылымсыз адам – хайуан» деп ашық айтты. Ал осыдан кейін ғылым жолын қумауға қазақ баласының қандай қақысы бар? Жақында Жапонияда жиырма жылдан бері тұрып жатқан Серік Мейірманов сол елдегі Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің (APU) вице-президенті лауазымына тағайындалғанын естідік. Мұндайда бабаларымыз «бөркімізді аспанға атып қуандық» дейді емес пе. Шыны керек, біз де сөйттік. Сөйттік те, Күншығыс еліндегі ғалымға күн құрғатпай құтты болсын айтып, көкейімізде жүрген сауалдарға жауап алдық.

Сұхбат • 03 Сәуір, 2025

Ақтау шаһарының мәртебесі биіктейді

Қарт Каспийдің жағасындағы меруерт қала Ақтау түбі бір түркі жұртының мәдени астанасы атына ие болғалы бері аталған өңір туралы көп жазылды. Енді, міне, санаулы күндерден кейін Ақтауда той басталады. Түркі әлемінің мәдени астанасы салтанатты түрде ашылады. Осыған орай Каспий теңізінің жағалауындағы інжудей қалаға халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев келетінін естіп, хабарласып, аз-кем әңгімелескен едік.

Жансарай • 02 Сәуір, 2025

Дегдар сөз иесі

Тамыры терең тарихымыздың арғы-бергісіне көз жүгіртсек, біздің рухымызды мызғытпай ұстап тұрған құдіретті сөз екен. Осы үш әріпке тұтас ғаламның сиқыры, жеті қат көк пен жұмыр жердің құбылыстары, ұшқан құс пен жүгірген аңның табиғаты сыйып-ақ тұр. Сыймай қайтсін, күллі жаратылыстың шуағын иіріп әкеп алдыңа жайып салатын да осы хикмет болса ше?

Абай • 01 Сәуір, 2025

Абай институты ел даналығын танытса игі

Биыл Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының сөзімен айтсақ, «қараңғы заманда шырақ жаққан шамшырақ» атанған хакім Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр.

Тарих • 21 Наурыз, 2025

Ағылшын діндарлары кезіктірген қазақтар

Ағылшын тілінде жарияланған деректерді оқырманға дәл жеткізу оңай емес. Қазақ тілінің бай мазмұнына, тілдің шұрайлылығы мен табиғи болмысына жүгінуге тура келеді. АҚШ-та тағылымдамадан өткен тұста осыны айқын байқадық. Арлиңтон қаласындағы үйіміздің астында жұмыс істеуге арналған жеке кабинеттер бар еді. Сол жерде әр күні кеште 3 сағат шамасында отырып, кітапханадан әкелген ұлтымызға қатысты деректері бар ескі кітаптарды зерделеймін. Есімін ұмытқан бір данышпанның «қолына жақсы кітап түскен адамның жалғызсырауы мүмкін емес» дегені осындайда ойға қуат, бойға күш қосатыны да рас.

Университет • 20 Наурыз, 2025

Суперкомпьютерді тізгіндеген

Былтыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верси­тетінің 90 жылдық мерейтойы аясында Орталық Азияның қуатты суперкомпьютері осы оқу орнына орнатылды. Базаргүл Мәткерімқызы – осы құрылғыны емін-еркін меңгеріп, оның қыры мен сырын студенттерге үйретіп жүрген білікті оқытушының бірі.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2025

Күн түбіне жортқан жырлар

Уақыт ілгерілеп, заман ауысқан сайын құдіретті поэзияның көші де сан түрлі тарауға түсті. Ал бүгінде «әркімнің таласы бар» өлең өлкесінде әр ақын өзінше жортып келеді. Бір тобы кешегі ұлылар із қалдырған қазақы қара өлеңнің жотасында тұр. Енді біреулері – «ақ өлең жазамыз» деген топтың өкілі. Демек қазіргі өлең өлкесінде ақ пен қара да қоса жүр. Бұл – өз алдына бөлек тақырып. Ал біздің айтпағымыз, қазақ поэзиясының қара өлең көшіндегі талантты ақынның бірі – Ербол Алшынбайдың поэ­зиясы хақында.

Басылым • 07 Наурыз, 2025

Гонконг журналы Ұлықбек ақын туралы

Кейінгі кездері еліміздің әдеби тыныс-тіршілігінде айтарлықтай жаңалықтар бар. Соның бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің өмірбаяны мен суреті «Гонконг әдебиеті мен өнері» журналының мұқабасына басылыпты. Аталған алпауыт басылым 2025 жылдың бірінші санын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығын насихаттаумен бастағаны – әдебиетіміз үшін үлкен жаңалық.

Сұхбат • 04 Наурыз, 2025

Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық.

Таным • 28 Ақпан, 2025

Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?

Зерттеу тақы­ры­бымызға байланыс­­ты мұхиттың арғы жа­ғында, АҚШ-та түрлі кітап­хана­ларды ақтарып, архивтерге барғанда елеусіз қалдыра ал­майтын сан түрлі қызықты мәлі­мет кездестірдік. Солардың бірі – сонау алыстағы Аустралия газет­теріндегі ұлтымыз туралы жазбалар. Осы орайда 1850 жылдан 1901 жылға дейін жарық көрген Аустралиядағы «The Northern Herald», «Tribune», «The Menzies Miner» газеті мен Сиднейден шығатын «Mirror» газетінде жарияланған кейбір деректерді оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

OSZAR »